Алдағы 3-4 жылда консалтингтік қызметтерге мемлекеттің қажеттілігі арта түседі. Сұраныстың дамуына 2019-2023 жылдарға жоспарланған еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясаты ықпал етуде. Себебі,
негізгі басымдықтар ретінде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, өндірістерді технологиялық жаңғырту, бизнес-ортаны ынталандыру мен дамыту, адами капиталдың сапасын арттыру, теңгерімді
аймақтық даму және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып айқындалған. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен аймақтық басшылар қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды аталған
талаптарға бейімдеуге, қалыптасқан тәжірибені трансформациялауға, ең үздік шетелдік тәжірибені зерделеп, іске асыруға, сондай-ақ ең бастысы – ортақ іске қосылған барлық субъектілердің жұмысын
дұрыс бағалауға тиіс.Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен аймақтық басшылар қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды аталған талаптарға бейімдеуге, қалыптасқан тәжірибені трансформациялауға,
ең үздік шетелдік тәжірибені зерделеп, іске асыруға, сондай-ақ ең бастысы – ортақ іске қосылған барлық субъектілердің жұмысын дұрыс бағалауға тиіс. Сондықтан әртүрлі мәселелер бойынша толыққанды
кеңес беру бюджет қаражатын ұтымды және мақсатты түрде бөлуге, инвесторлардың назарын аударуға және мемлекеттік механизмнің тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.