Құпиялылық саясат және төменде сипатталған шарттар www.onconsulting.kz сайтты (бұдан әрі - сайт) пайдалану шарттарының бөлігі болып табылады. "ON Consulting" ЖШС (бұдан әрі - Компания) сайттың иесі және тиісінше дербес деректерді қамтитын базаның меншік
иесі мен операторы болып табылады.
Компания сайтты пайдаланушының дербес деректерін жинауды және өңдеуді келесі мақсаттарда
жүзеге асырады:
- Пайдаланушының жеке басын сәйкестендіру;
- Ауызша кеңес алу немесе шарт жасасу туралы пайдаланушының өтінішін қарау;
- Ұсынылған деректер негізінде статистикалық
және өзге де зерттеулер жүргізу;
Компания дербес деректерді қорғауға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша міндеттемені өзіне қабылдайды.
Сайтты пайдалану
сізден тіркеуді немесе жоғарыда көрсетілгеннен басқа жеке ақпаратты беруді талап етпейді.Сіз туралы дербес деректер тек өзінің тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Сайтты пайдалана отырып,
сіз осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келісесіз. Біздің сайтта жеке мәліметтерді ұсыну ерікті болып табылады. Оларды бере отырып, сіз сайт Әкімшілігіне ақпаратты берілген мақсат үшін
пайдалануға рұқсат етесіз. Алайда, белгілі бір ақпаратты ұсынбау Сіз алғыңыз келетін қызмет көрсету үшін кедергі келтіруі мүмкін.
Егер Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен
келіспесе, сайтты пайдаланудан және жеке деректерді беруден бас тарту керек. Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін info@onconsulting.kz электрондық мекенжайға жолданатын
хат арқылы кері қайтарып алуы мүмкін. Компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Сізден алған дербес деректерді ешқашан және ешқандай жағдайда
үшінші тұлғаларға (оның ішінде Қазақстаннан тыс) ұсынылмайтынына кепілдік береді.